Muzart歌曲封面
00:00
04:19
🔊

Үшқоңыр |Ush Qonir

专辑
Muzart (01)
发行日期
2021-02-20
流派
暂无
时长
04:19
播放次数
2,356,789
收藏人数
156,432
歌词
相关信息

作词 : Нұрсұлтан Назарбаев

作曲 : Алтынбек Қоразбаев

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,

Әкемнің ізі қалған жайлауыңда,

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп,

Арқардың жайылатын аймағында.

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Рахым нұры тұнған жерім,

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Жүрегімде мәңгі есімің.

Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,

Бабалар тұлпарының дүбірі бар,

Бұл жерде Жамбыл-Жәкем өлең айтқан

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Рахым нұры тұнған жерім,

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Жүрегімде мәңгі есімің.

Шыңдарың Төлебидің қалпағындай,

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай,

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені

Әжемнің шекер қосқан талқанындай.

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Рахым нұры тұнған жерім,

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Жүрегімде мәңгі есімің.

Көрінер сонадайдан анық маған,

Шыңында қырандары қалықтаған,

Қыранның самғауына құмар қылып,

Туыпты ұландарын алып далам.

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Рахым нұры тұнған жерім,

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Жүрегімде мәңгі есімің.

历史记录

!
提示
播放失败哦,因为我没有版权😂哈哈哈。